28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖамбыл облысының Спорт басқармасы бюджет қаражаты жоқ деген желеумен бір жылға жуық уақыт бойы балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал қолданыстағы заңнамада қаражат болмауына байланысты кезекті тоқтата тұруға қатысты нормалар қарастырылмаған.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, «Damu bala»платформасында заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 басшы бар.
Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғауға да назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы таксилер тек жұмыс күндері мен күндізгі уақытта тасымалдау қызметін көрсететіні анықталды. Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде «Инватакси» жұмыс режимі қайта қаралды.
Енді балалар такси қызметін тәулік бойы, соның ішінде мереке және демалыс күндеріде пайдалана алады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?