23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін 19 қаңтарда Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шыққан. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді. Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын растады.
Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Ол 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін,-деп атап өтті полициядан.
Айта кетсек, өңірде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалы жүргізушілерінің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады