22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТаразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевті Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Генералмен бірге майдангер үйіне "Оңтүстік" ӨңҚ әскери оркестрі келіп, құттықтау сәті музыкалық сүйемелдеумен өтті.
Иван Федорович арнайы келіп қуантқандарына дән риза болды. Ардагердің айтуынша, ол әскери қызметшілерден Жеңіс күніне жақын құттықтау күткен еді, алайда наурыз қарсаңындағы музыкалық құттықтау тосын әрі әсерлі сыйлық болды.
Ардагерлерімізге ризашылық білдіріп, олардың көңіл-күйін көтеру үшін кез келген мерекеде келуге әрқашан дайынбыз. Олардың ерлігі — жауынгерлік рухымыздың және Отанға деген адалдығымыздың негізі, – деп атап өтті генерал-майор Ержан Ыбыраев.
Әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Иван Федорович пен оның қызы Ольга әскерилерге жылы лебіздері мен арнайы іздеп келгені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер ардагерлер үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
Әскерилер тек құттықтап қана келген жоқ, аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын және ұрпақтан-ұрпаққа басты – мейірімділік, бейбітшілік пен жақындарына қамқорлық сынды құндылықтарды көрсете отырып, тарихи байланысты сақтау қажеттілігін еске салды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев