2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы көпірлердің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын анықтады, деп хабарлайды El.kz
«Полиэтилен пакетінен МП-79-9 травматикалық тапаншасы, белгісіз маркалы 2 тапанша, 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон, Макаров маркалы тапанша табылды», деді облыстық ІІД.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалғаны атап өтілді.
«Жамбыл облысының полиция департаменті қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі», деп қосты полицейлер.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс