2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліТараз қаласының шетінде қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты.
Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс