6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерPapa Mailo есімімен танымал блогер Темірлан Тоспаев Майлыбек атты итінің туған күніне орай кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбадан туған күн этностильде өткенін аңғаруға болады. Жабық кешке қазақтың ұлттық киімін киген қыздар шақырылған. Сонымен қатар иесі итке де қазақтың тақиясы мен бешпетін кигізіп қойған. Темірлан Тоспаев қайырымдылық кешінде жиналған 670 мың теңгені иесі жоқ жануарларды қолдауға жіберетінін айтты.
Желі қолданушылары ұлттық киімді итке кигізген блогердің әрекетін сынады. "Еріккен, ақшаң тасыса мұқтаждарға көмектес", "Ұлттық киімді мазақ етіпті", "Осылар білгенін істеп кетті" деп жазып жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі