Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҰлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп, танысынан 4 млн теңге алған түркістандық 2 жылдан бері «уәдесін орындамаған», деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, қызын «Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін» деп танысы 4 000 000 теңгесін алдап алып кеткенін көрсеткен. Алайда жәбірленуші әйел күдіктіден 2 жыл бойы уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді», - делінген ақпараттық хабарламада.
Полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтады. Орта жастағы күдікті ер адамның жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс