22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгінде махаббатты өмірден емес, смартфоннан іздейтіндер көбейді. Tinder, Badoo, Bumble, Mamba секілді танысу қосымшалары миллиондаған адамды табыстырып жатыр. Дегенмен «өмірлік жарымды онлайнда кездестіремін» деп алаяққа алданып, опық жегендер де аз емес, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жақында Ресейде Tinder арқылы танысқан қыз алғашқы кездесуде қаза тапты деген ақпарат желіде үлкен талқыға түсті. Бұл онлайн танысудың қауіпке толы тәуекел екенін аңғартқандай. Расында, танысу қосымшалары адамдардың шаңырақ көтеруіне себеп пе, әлде алаяқтардың жаңа схемасы ма?
АҚШ-та әр бесінші жұп платформалар арқылы танысқан
Танысуға арналған қосымшалардың танымалдығы пандемия кезінде ерекше артты. Адамдар үйде қамалып отырған кезде онлайн танысу жалғыздықтан құтылудың жолына айналды.
Бүгінде әлем бойынша шамамен 350 миллион адамның смартфонында танысу қосымшалары бар. АҚШ-тағы 18-29 жас аралығындағы әр бесінші жұп дәл осы платформалар арқылы танысқан. Tinder қосымшасының өзін ай сайын 75 миллионнан астам адам қолданады. Сервис 190 елде жұмыс істейді және 40-тан астам тілде қызмет көрсетеді. Қолданушылардың 65 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар.
Tinder-дің жұмыс істеу жүйесі қарапайым: қолданушы ұнаған адамды оңға свайп жасайды, ұнамаса – солға өткізеді. Егер екі адам бір-бірін ұнатса, чат ашылып, сөйлесуге мүмкіндік беріледі.
Қазір Tinder ғана емес, Badoo, Bumble, Mamba, VK Знакомства, Twinby, Pure, Teamo, Tabor сияқты платформалар кең таралған. Олардың әрқайсысының аудиториясы мен мақсаты әртүрлі.
Қандай танысу қосымшалары бар?
Tinder – әлемдегі ең танымал танысу сервисі. Мұнда адамдар байыпты қарым-қатынас та, жеңіл таныстық та іздейді. Ақылы жазылым арқылы кімнің лайк басқанын көруге, инкогнито режимін қолдануға болады.
Badoo – Қазақстанда кең таралған платформалардың бірі. Фото, қызығушылық және геолокация арқылы жұп ұсынады. Көптеген қазақстандық жұп дәл осы сервисте танысқан.
Bumble – бұл қосымшада алғашқы болып әйел адам хабарлама жібереді. Сервис өзін қауіпсіз әрі мәдениетті орта ретінде көрсетеді.
Mamba – Ресей мен ТМД елдерінде танымал. Tinder-ге ұқсас интерфейсі бар. Қауіпсіздік мақсатында VIP-жазылымсыз жұп болмаған адамдарға шектеулі хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.
VK Знакомства – ВКонтакте желісімен біріктірілген сервис. Ресей жастары арасында сұранысқа ие.
Pure – бастапқыда міндеттемесіз кездесуге арналған қосымша ретінде танылған. Кейін байыпты қарым-қатынас бөлімі қосылды.
Teamo – мінез бен құндылықтарға негізделген алгоритм арқылы жұп іздейді.
Tabor – 15 жылдан астам тарихы бар сервис. Онда чаттар мен әлеуметтік желідегідей лента жүйесі қарастырылған.
Онлайн танысып, отбасы құрғандар
Бұрын әлеуметтік желіде таныстық деп айту ұят саналатын. Қазір керісінше, мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдайтындар көбейді.
Танысу сервисінде табысқан жұптардың бірі – Диас пен Ақнұр. Олар Badoo арқылы танысқан.
Мен Диасқа өзім бірінші жаздым. Себебі ол суреттеріме үнемі лайк басатын. Парақшасына кіріп қарасам, тәп-тәуір жігіт екен. Хоббиларымыз да ұқсас болды. Алғашқы кездесуімізде киноға бардық. Осы жігітке тұрмысқа шығамын деп ойламадым. Бірақ ол әрдайым жанымнан табылды. Алты айдан кейін ұсыныс жасап, отбасын құрдық, – дейді Ақнұр.
Психолог Лимана Қойшиеваның айтуынша, жастардың интернет арқылы танысуы – қазіргі заман үшін қалыпты құбылыс.
Жастар виртуалды әлемде өздерін еркін сезінеді. Олар көзбе-көз айта алмайтын нәрселерді онлайн ортада ашық жеткізеді. Уақыт өте келе адамдар арасында эмоционалды тәуелділік қалыптасады, – дейді психолог.
Неліктен адамдар онлайн танысуды таңдайды?
Психолог Ержан Мырзабаевтың пікірінше, қазіргі қоғамда шынайы өмірде танысу қиындаған:
Көп жастар шынайы өмірдегі бас тартудан қорқады. «Сезімімді білдірсем, қабылдамай қойса ше?» деген үрей бар, – дейді маман.
Танысу сервистерінің қараңғы жағы
Алайда онлайн танысу әрдайым романтикамен аяқталмайды. Кейінгі жылдары танысу платформаларындағы алаяқтық көбейді.
Былтыр Астанада Tinder-де өзін қыз ретінде таныстырған 20 жастағы жігіт ер адамнан 4 миллион теңгеден астам ақша алған. Ол «Нұрай» есімімен жалған аккаунт ашып, бөтен қыздардың суретін пайдаланған. Үш ай бойы жәбірленушімен сөйлесіп, түрлі сылтаумен ақша сұрап отырған. Кейін сот оны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Әлемге танылған ең шулы оқиғалардың бірі – «Tinder алаяғы» атанған Шимон Хаюттың ісі. Ол өзін алмас магнатының ұлымын деп таныстырып, әйелдердің сеніміне кірген. Жеке ұшақ, қымбат қонақүй, сәнді өмір арқылы олардың сенімін жаулап, кейін қарыз сұрап отырған. Құрбандары тіпті банктен несие алып берген.
Бұл оқиға Netflix түсірген «Tinder-дегі алаяқ» деректі фильмінен кейін кең таралды.
Ал жақында Ресейде Tinder-де танысқан қыздың алғашқы кездесуде қаза табуы қоғамды тағы алаңдатты. Бұл онлайн танысудың қауіпсіздігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.
Танысу қосымшаларына қызығушылық азайды ма?
The Economist басылымының мәліметінше, соңғы жылдары танысу қосымшаларына қызығушылық төмендей бастаған.
2023 жылы дейтинг қосымшалары әлем бойынша 237 миллион рет жүктелген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 50 миллионға аз. Онлайн танысу платформаларына айына кемінде бір рет кіретін адамдар саны да азайған.
Қолданушылардың айтуынша:
Әсіресе миллениалдар мен зумерлер «батырма мәдениетінен» жалыға бастаған. Соңғы кезде жастар қайтадан офлайн танысуға көбірек көңіл бөле бастады. Қазір адамдар тек барларда емес, аспаздық курстарында, кітап клубтарында, спорт залдарында танысып жүр.
Виртуалды әлемде қауіпсіздік маңызды
Мамандар танысу сервистерін қолданғанда бірнеше ережені есте сақтауға кеңес береді:
Tinder қолданушысы Дана да сақтық маңызды екенін айтады.
Мен ешқашан Instagram-парақшамды немесе негізгі деректерімді тіркемеймін. Тіпті аты-жөнімді өзгертіп тіркелемін, – дейді ол.
Танысу қосымшаларына деген сұраныс жойылмайды. Олар мыңдаған адамды табыстырып, талай отбасының құрылуына себеп болды. Бірақ дәл сол платформалар алаяқтықтың, манипуляцияның және қылмыстың құралына да айналып отыр.
Бір ғана батырма кейде үлкен махаббатқа бастаса, кейде орны толмас қайғыға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан виртуалды әлемде сезімнен бұрын қауіпсіздік маңызды екенін ұмытпаған жөн.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев