Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЕліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық акциясы бастау алған болатын.
Осы акция аясында ұлттық санамыз бен салт-дəстүріміз, мəдениетіміз бен өнерімізді, жалпыұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген Атырау облысы «Елсана» руханият клубының белсенді мүшелері, үш мəрте халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Елбасының батасын алған «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі туралы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз.
Бүгінде Қазақстанның көптеген аймақтарында өз өнерлерімен жұршылықты тәнті етіп жүрген «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі қазақ халқының көне ұлттық аспаптары – адырна, жетіген, ұрмалы-соқпалы аспаптарда тамаша өнер көрсетеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Бауыржан Ақтаев домбыраның құлағында шерте ойнаса, ансамбльдің мүшелері Ержанова Айтолқын адырна аспабында, Зинор Нұрай жетіген аспабында, Сұлтанғалиев Руслан ұрмалы-соқпалы аспаптарда, Нәбиева Айгерім қобызда, Айгерім Құсайынова қылқобызда шебер орындайды.
Елбасы «Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел» деп атап көрсеткеніндей, өз ұлттық құндылықтарымызды сақтағанда ғана мәңгілік ел бола аламыз.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады