22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМаңғыстауда «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінде отандық жұлдыздар мен шетелдік кино майталмандары қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Фестивальдің басты жұлдызы танымал түрік актері - Бурак Озчивит, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Кинофестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, TÜRKSOY және ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сондай ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Фестивальге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Мажарстан мемлекетінің кино майталмандары арнайы келіп қатысуда.
Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали іс-шараның маңызын айтты.
«Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне 250-ге жуық кино майталманы жиналды. Оның ішінде құрметті қонақтарымыз да бар. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен танымал түрік актері Бурак Озчивит бар. 5 күнге созылатын шара аясында 50-ге жуық түрлі жанрдағы фильмді тегін тамашалауға болады, - деді Нұртас Сали.
Айта кетейік, осыған дейін түркі әлемінің дәстүрлі «Қорқыт ата» кинофестивалі Ыстанбұл, Бурса (Түркия), Шуша (Әзірбайжан) және Анау (Ашхабад) қалаларында өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев