18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Танымал теле және радиожүргізуші Серік Ақышев екінші рет үйленді. Неке қию рәсімінен естелік сәтті ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Серік Ақышевтің жарының есімі – Гауһар Төреқұлова. Ол да шығармашылыққа жақын жан екен – интерьер дизайнері.
Оқи отырыңыз:
Біз енді ерлі-зайыптымыз. Серік және Гауһар Ақышевтер.
Құдалық өте керемет өтті. Араға бір апта салып неке қию рәсімін өткіздік. Енді мешітте неке қию рәсімі болады, - деп жазды ол.
Бұған дейін ол «Осколки» подкастында бірінші әйелі Ольга Болдовскаямен не үшін ажырасып кеткенін айтқан болатын.
Бұрынғы әйелім Ольгамен екі бала өсіріп, ұзақ уақыт бір некеде тұрдық. Марика өмірге келді. Қазір ол 9-сыныпты аяқтады. Содан соң Айлин туды. Ол екінші сыныпты бітірді. Біраз уақыт бұрын күрделі шешім қабылдадық. Бірақ бұл екі жақпен келісілген шешім болды. Ажырасуымыздың өз себептері бар, қарым-қатынаста көп қателік жібердім. Одан да қателіктер кетті, - деген болатын Серік Ақышев.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр