Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТанымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қайырбай Зәкіров дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайырбай Зәкіров 1945 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Ол "Құс жолы", "Көкжиек", "Айтматовты оқығанда" және тағы басқа туындыларымен көпке танымал.
Суретшінің еңбектері Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Ресей, Еуропа, Жапония, Йемен, Франция, АҚШ және Қазақстандағы жеке коллекциялар мен галереяларда сақталған.
Қайырбай Зәкіров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі (2006), Қызылордадағы "Болашақ" университетінің құрметті профессоры (2008) атақтарына ие болған. Сондай-ақ ол ҚР Президентінің стипендиаты (1996), Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2008) және республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының "Алтын адам" номинациясының "Самғау" медалімен марапатталған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?