6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕліміздің белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақ тіліндегі атауларды бұрмалап, орысша мәнерге келтіріп айтатындарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комментатор қазақ тілінің дыбысталуын орыс тіліне қарай бұрмалау қате екендігін, ондай жағдайда команда атауының мағынасы түбегейлі өзгеретінін айтты.
Оқи отырыңыз:
Команданың атауы «Торпедо» болса, орысша оны «Тарпедо» деп «а» арқылы айтуға болады. Одан ештеңе өзгермейді. Ал қазақтың «Ордабасы» деген сөзін «Ардабасы» деп айтып, бір ғана әріпті ауыстыру оның мағынасын түбегейлі өзгертеді. Сол секілді «Ақтөбе» дегенді де орыстілділер «Актабе» деп айтады. Бұл да қате. Ал «Оқжетпесті» «Акжетпес» дейді. «Ақ» дегеніміз – орысша «белый», «оқ» дегеніміз – «стрела». Көрдіңіз бе, мүлде бөлек сөздер. Сондықтан атауларды дұрыстап атайық, - деді Мәулен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі