30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев өзінің кенже ұлының әскери қызметке аттанғанын мәлімдеді. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында жазып, ұлының ант қабылдау сәтінен сурет бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бизнесменнің айтуынша, кіші ұлы бірнеше физикалық дайындықтан өтіп, десанттық-шабуылдаушы бөлімге түскен.
Ұлым Отан алдындағы борышын өтеуге кетті. Енді ол еліміздің, демек, біздің отбасымыздың қорғаушысы. Алты ай бұрын ол King’s College London университетіне IT мамандығы бойынша оқуға түскен еді. Біз алдын ала келіскенбіз: егер оқу мен әскер мәселесі қатар келсе, ол ешқандай жеңілдіксіз, өзге жастар сияқты борышын өтейді. Сол сәт келді, және ол бұл шешімді ер жігітке лайық қабылдады. Бұл маңызды сәтте қасында анасы мен қарындасы болды. Әскери борышын өтеген соң оқуын жалғастырады, бірақ енді өмірлік тәжірибесі мен рухы мықты азамат ретінде, - деп жазды Рахымбаев.
Жалпы соңғы жылдары елге танымал тұлғалардың ұлдары әкерге бару фактісі жиі тіркеліп жүр. Мәселен осыдан екі жыл бұрын, танымал тележүргізуші Динара Сәтжан да ұлының әскер қатарына қабылданып жатқанын әлеуметтік желісі арқылы жариялаған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды