Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБелгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі жазбасында Шымкент қаласына жасаған сапары жайлы бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сейсембай Шымкентке танымал бизнесмен Серікжан Сейітжановтың шақыруымен барған. Кәсіпкер қалада өзі салған зәулім мешітті көрсетіп, қолға алған жобалары туралы баяндаған.
Бұл – расымен де эпикалық құрылыс. Мұндай сәулет туындылары ғасырлар бойы сақталып, ұрпаққа мұра болып қалатыны сөзсіз. Серікжан ағаның іскерлігіне және елге сіңіріп жүрген еңбегіне тәнті болдым, – деді Сейсембай.
Сапар барысында ол бұрынғы әріптесі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовпен де жолықты. Кәсіпкер Берденовті адалдығы мен отансүйгіштігі үшін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Руслан – мен құрметтейтін санаулы саясаткерлердің бірі. Жақында оған қастандық жасалған еді, бірақ шүкір, аман қалды. Қазір денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты, – деп жазды ол.
Марғұлан Сейсембай жазбасында елімізде осындай азаматтар барда Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенім білдірді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі