Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо тағы да Бразилияның құқық қорғау органдарының назарына ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ole мәліметінше, «Барселонаның» бұрынғы жұлдызы аптаның басында криптовалютамен айналысатын компанияға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот алдында жауап беруі керек. Роналдиньо криптовалюталарды сатумен айналысатын және күнделікті 2% пайда уәде еткен компанияның серіктесі ретінде айыпталды. Алайда компания шоттарды жауып тастап, инвесторларға ақша төлемей қойған. Компания 18kronaldinho деп аталады.
Бастапқыда фирма зергерлік бұйымдар мен сағаттарға қатысты бизнеске маманданған екен. Бірақ прокурорлардың пікірінше, ол бұл бизнестен кетіп, қаржы пирамидасына айналған.
Роналдиньоның адвокаты футболшы оның имиджі мен атын заңсыз, тиісті рұқсатсыз пайдаланған компанияның құрбаны болды деп мәлімдеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?