6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИталиялық Loro Piana бренді жұмысшыларын қанаған деген айыппен сотқа тартылды. Бұл туралы WWD басылымы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, Милан соты компанияға қатысты сыртқы басқару енгізу туралы шешім шығарған. Бұл брендке бір жылға сот әкімшілігін тағайындау дегенді білдіреді. Loro Piana атақты компаниясы жеткізу тізбегінде қытайлық жұмысшыларды заңсыз еңбекке жеккені үшін айыпталып отыр. Сонымен қатар олар тауар бағасын тым шарықтатып, 100 еуроға тігілген кашемир күртешелерді 3000 еуроға сатқан болуы мүмкін.
Ал Loro Piana өкілдері компания бұл жағдайдан бейхабар болғанын айтып, өнімді жеткізетін рұқсатсыз жеткізуші өз тарапынан қосалқы мердігерлермен жұмыс істеп, олар жұмысшыларды заңсыз түрде жалдағанын ескертпегенін жеткізді. Компания басшылығы бұл мәселеде билікпен барынша ынтымақтасуға дайын екенін және алдағы тергеулерге толық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі