Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКөпшілікке NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жаяу жеткізу қызметін атқаратын азаматқа мопед сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Курьер қызметін атқаратын адамға жасаған тосынсыйды блогер Instagram желісінде жариялады. Бейнежазбадан Нұрдәулет пен достарының жаяу жеткізу қызметін атқаратын азаматты кездестіріп қалғанын байқауға болады.
Ол кісі алғашында блогермен сөйлесуге келіспей, тапсырысты жеткізуге асығып тұрғанын айтады.
Уақытым жоқ. Үш минутта жеткізбесем, штраф салады. Мопедім осы, - деп қос аяғын көрсетеді орта жастағы тапсырыс жеткізуші блогерге.
Осыдан соң блогер мен достары аталмыш азаматпен бірге тапсырысты жеткізіп, соңында ол кісіге мопед сыйлайды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек