Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБелгілі блогер, актриса Анель Кенжебекова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында өзінің қымбат тұратын баспанасын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Анель Кенжебекова үйді өзінің сатып алмағанын айтады.
Үйді мен алған жоқпын, оны ата-анам алды. Көбі қайда тұратынымды біледі, стористардан көріп жатады. Бұндай үйлер аз ғой, Алматыда енді салынып жатыр, - дейді блогер қыз.
Актрисаның сөзінше, баспананың құны 400 миллион теңгені құрайды екен.
Осы үйде тұрып жатқанымызға 3 жыл болды. Мұнда көшіп келген кезде мен енді ғана блогерлікті бастаған едім. Бұл үйге ақша құйдым деп айта алмаймын. Ол – таза ата-анамның еңбегі, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінде Анель Кенжебекова әлеуметтік желіде бір миллионнан астам оқырманы бар танымал блогерлердің бірі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады