13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызИндонезиядағы Бали аралында орналасқан қонақүйден ресейлік танымал бизнес-коуч Артём А. өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SHOT Telegram-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, марқұм бірнеше күн бұрын Бали аралына келіп, Солтүстік Кута ауданындағы туристер жиі тоқтайтын қонақүйге орналасқан. Қонақүй қызметкерлері оның ұзақ уақыт бойы бөлмеден шықпағанына және есік қағуына жауап бермегеніне алаңдаған.
Осыдан кейін қызметкерлердің бірі терезеден қарап, бөлмеде ер адамның қозғалмай жатқан денесін байқаған. Полиция оқиға орнына дереу келіп, есікті бұзып кіргенде адам шошырлық көрініске тап болған.
Марқұмның басына пакет кигізілген, ал мойнына белдік қатты тартылған. Денесінде көптеген жарақаттар мен көгерулер анықталған, мұрын мен ауыздан қан кеткен.
Қазіргі уақытта Бали полициясы істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды