12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікFlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсан күні ұшақта болған оқиға туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Сондықтан рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда, әуе компания әртістің аты-жөнін жариялаған жоқ.
Жолаушы өзінің сыртқы киімінің багаж сөрелерінде мыжылғанына қарсылық білдірді, содан кейін бортсерік жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектесу үшін сөреден алып кеткен, бірақ жолаушы өз күртесін тартып алып, бортсеріктің маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілді, - делінген FlyArystan ақпаратында.
Әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдануға қатысты қылмыстық іс тіркелген. Жолаушы полицияға тапсырылып, оған 440-бап бойынша айып тағылды. Бортсерік қосымша тергеу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер