28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТанымал кеңес және ресейлік актриса Валентина Талызинаға жедел медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SHOT басылымының мәліметінше, оның денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлерді үйіне шақыруға мәжбүр болған.
Валентина Илларионовна бірнеше күн бойы жүрек айнуы мен денесіндегі ауырсынуларға шағымданған. Дәрігерлердің тексеру нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауына онкологиялық ауру себеп болғаны анықталды. Актрисадан ұйқыбез қатерлі ісігі диагнозы табылды. Қазіргі таңда ол амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Валентина Талызина кеңес және ресейлік кино әлемінде ерекше орын алады. Ол "Ирония судьбы, или С лёгким паром!", "Зигзаг удачи", "Афоня", "Женитьба", "Гостья из будущего" сынды танымал фильмдердегі рөлдерімен көрермен жүрегінен орын тапқан.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?