29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖұма, 6 желтоқсанда, Токиода жапониялық әнші әрі актриса Михо Накаяма өз үйінде өлі табылды. Ол 54 жаста еді. Бұл туралы DailyMail-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Михо Накаяма өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылған. Актриса жұмысқа бармаған соң, оны әріптестері іздей бастаған, кейіннен оның мәйіті үйінен анықталды. Өлімнің себептері анықталып жатыр.
Михо Накаяма жапон музыкасының, теледидар мен киносының жұлдызы болды. Оған әлемдік даңқ 1995 жылы Жапонияда көптеген марапатқа ие болған Love Letter фильміндегі басты рөлдің арқасында келді, сол кезде Накаяма үздік актриса ретінде танылды.
Қайғылы оқиға болған күні Накаяма Осакадағы Рождестволық шоуда өнер көрсетуі керек еді. Михо Накаяманың артында бұрынғы күйеуі, музыкант Хитонари Цудзи екеуінің ортақ ұлы қалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек