Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болып жатқан өрттен Голливудтың атақты актрисасы Делис Карри қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
95 жастағы актриса Лос-Анджелестегі өз үйінде тірідей жанып кетті. Марқұмның сүйегі өрттен кейін бірнеше күннен соң табылды.
Актриса «Он өсиет», «Ағайынды блюз», «Леди блюз әнін айтады» және басқа да фильмдерде ойнаған.
Еске салайық, Лос-Анджелес қаласында 7 қаңтар күні басталған орман өрті тоқтамай, үлкен аумақты шарпыды. Бұл апат қаланың тарихындағы ең ірі табиғи апаттардың бірі ретінде бағаланып отыр. Өрттің кесірінен Энтони Хопкинс, Пэрис Хилтон, Билли Кристал және Мэл Гибсон сынды Голливуд жұлдыздары өз үйлерінен айырылды. Пасифик-Палисейдстегі өрт 90 шаршы шақырым аумақты жойып, қымбат үйлерімен танымал Брентвуд ауданына қауіп төндіріп тұр. Бұл жерде Арнольд Шварценеггер мен Риз Уизерспун сияқты жұлдыздардың үйлері орналасқан.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар