6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Әлеуметтік желі» мен «Сиқыршылар иллюзиясы» фильмдерінің жұлдызы – танымал америкалық актер Джесси Айзенберг өзіне мүлде белгісіз адамға бүйрегін беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы актер Today телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Алты аптадан кейін шынымен де донор ретінде бір бүйрегімді беремін. Мені «донорлық вирус» шағып алған сияқты, – деп әзілдеді актер.
Айзенберг жақын күндері альтруистік донорлық бағдарламасына қатыспақ. Бұл бағдарлама аясында адам өз мүшесін нақты бір танысына емес, көмекке мұқтаж кез келген адамға сыйға тартады.
Бұл қауіпсіз әрі өте маңызды іс. Уақыты мен ниеті бар адамдар үшін бұл – табиғи нәрсе деп ойлаймын, – деді Джесси Айзенберг.
Джесси Адам Айзенберг – америкалық кино, теледидар және дубляж актері, сондай-ақ жазушы, кинорежиссер әрі сценарист.
BAFTA сыйлығының лауреаты, екі мәрте «Оскар» және үш мәрте «Алтын глобус» сыйлықтарына үміткер болған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі