30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖаз мезгілінде дастарқаннан қарбыз бен қауын үзілмейді. Бірі – шөлді қандыратын шырынды қарбызды таңдаса, енді бірі – хош иісті қауынды ұнатады. Ал денсаулыққа қайсысы пайдалы? Мамандар бұл сұраққа нақты жауап беріп, екі жемістің де артықшылықтары мен ерекшеліктерін түсіндірді.
Қайсысында калория аз?
Көпшілік қарбызды кәдімгі суға теңесе, қауынды калориясы жоғары жеміс деп есептейді. Алайда олардың тағамдық құндылығында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
100 грамм қарбызда шамамен 30 ккал, ал дәл осындай мөлшердегі қауында 32-36 ккал болады. Көмірсу мөлшері де бір-біріне жақын.
Негізгі айырмашылық – құрамында. Қарбыздың шамамен 92 пайызы судан тұрады. Сондықтан ол шөлді жақсы қандырады әрі ағзадағы сұйықтық қорын толықтыруға көмектеседі.
Ал қауында тағамдық талшық (клетчатка) көбірек болғандықтан, ол ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді. Дегенмен оны калориясы жоғары өнім деуге негіз жоқ.
Қарбыздың пайдасы қандай?
Қарбыздың қызыл түсін беретін ликопин деп аталатын табиғи антиоксидант ағза жасушаларын зақымданудан қорғайды.
Сонымен қатар қабығына жақын ақ бөлігінде кездесетін цитруллин аминқышқылы қан тамырларының кеңеюіне ықпал етеді. Әрине, қарбыз дәрінің орнын баспайды, бірақ дұрыс тамақтанудың бір бөлігі ретінде пайдалы.
Жаздың аптап ыстығында қарбыз ағзадағы сұйықтықтың орнын толтыруға да жақсы көмектеседі.
Қауынның қандай артықшылығы бар?
Дәрумендер мен минералдардың мөлшеріне келсек, мамандар қауынды көш басына қояды.
Қауында С дәрумені қарбызға қарағанда бірнеше есе көп. Бұл дәрумен иммунитетті күшейтіп қана қоймай, терінің серпімділігі мен қан тамырларының саулығына жауап беретін коллагеннің түзілуіне қатысады.
Бұдан бөлек, қауынның құрамында жүрек пен жүйке жүйесінің қалыпты жұмысына қажет калий мол. Ал қызғылт сары түсті сорттарында көздің көру қабілеті мен тері саулығына пайдалы бета-каротин көп кездеседі.
Қарбыз бен қауынды шектен тыс жеуге болмайды
Мамандардың айтуынша, бұл жемістердің зияны олардың құрамында емес, шамадан тыс тұтынғанда байқалады.
Бір отырғанда бір-екі келі қарбыз немесе қауын жеу қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне және ас қорыту жүйесіне салмақ түсуіне себеп болуы мүмкін.
Сондықтан қант диабеті бар адамдарға немесе асқорыту жүйесі сезімтал жандарға бұл өнімдерді мөлшермен тұтынған жөн.
Қауын кейбір адамдарда іштің кебуіне себеп болса, қарбыздың көп мөлшері іш жүргізуі мүмкін.
Қалай таңдап, қалай сақтау керек?
Мамандар жазғы жемістерден уланудың негізгі себебі нитрат емес, жуылмаған қабықтағы бактериялар екенін айтады. Жемісті кескен кезде олар пышақ арқылы ішкі бөлігіне түседі.
Осыған байланысты бірнеше қарапайым ережені сақтау ұсынылады:
Дәрігерлердің айтуынша, дені сау адам үшін бір реттік қауіпсіз мөлшер 200–300 грамм шамасында.
Қайсысын таңдаған дұрыс?
Егер дәрумендердің мөлшеріне қарайтын болсақ, қауынның артықшылығы басым. Ал қарбыз ағзаны сұйықтықпен қамтамасыз етіп, антиоксиданттардың жақсы көзі саналады.
Сондықтан мамандар екі жемістің бірін екіншісінен артық көруден гөрі, оларды кезектестіріп, мөлшермен тұтынуға кеңес береді. Бұл ағзаға қажетті пайдалы заттарды теңгерімді түрде алуға мүмкіндік береді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды