Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент Үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсенованы тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған Жарлықта.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бірқатар үкімет мүшелерін қызметінен босатып, бірнеше тағайындау жасаған болатын.
Сондай-ақ, осы тағайындаудан бұрын Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Тамара Дүйсенованың кандидатурасына келісім берді. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Дүйсенова Тамара Босымбекқызының кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары