Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі кулуарда еліміздегі жат ағымдарға қарсы күрес жөніндегі пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дін мәселесі – өте нәзік мәселе. Біріншіден, ол әр адамның өзінің танымы. Сондықтан да біздің негізгі мәселеміз діни бірлестіктеріміздің жұмысын мемлекеттік реттеу. Азаматтың діни танымын емес. Діни бірлестіктердің жұмысын реттеу бойынша қазір теологтармен, діни бірлестіктердің өкілдерімен кездескенде 3 мәселені көтерді. Бірінші мәселе – әлеуметтік желілердегі, әсіресе шетелдік контенттерге қауқарсыздығымыз, әртүрлі діндерді уағыздау, әртүрлі бағыттарды уағыздау мәселесінде бірге жұмыс істеу жөнінде айтты. Екінші – қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру жөнінде айтты. Содан кейін мемлекеттік органдардың жалпы діни бірлестіктерді реттеу бойынша әлі де олқылық жұмыстары бар екенін айтты. Сондықтан осы 3 тараптан да діни бірлестіктердің өкілдері, теологтар және депутаттардың ұсыныстарын бірлесе отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі өздерінің пікірлерін сіздерге жеткізетін болады, - деді Дүйсенова.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында жат ағымдармен күрес жөніндегі депутаттың сауалына жауап берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары