6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерГераттағы «Талибан» өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының ер қызметкерлеріне сақалсыз жұмысқа келмеуді бұйырды. Бұл туралы Amu.tv-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Телеарна хабарлауынша, «Талибан» өкілдері Гераттағы «Ислам Кала» орталығына барып, сақалын қырған немесе қырыққан ер қызметкерлер түрмеге жабылатынын ескерткен.
Осы жайтқа байланысты Ауғанстандағы гуманитарлық ұйымдар да қиындықтарға тап болғанын айтқан. Желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (GCGV) қараша айында ақпаратқа қол жетімділік айтарлықтай шектелгенін хабарлады. Әзірге осындай 164 оқиға тіркелген, бұл қазан айындағы көрсеткіштен 56 пайызға және 2022 жылғы кезеңнен 11 пайызға көп.
Есепте бұл оқиғалардың 99 пайызы «Талибанның» әрекеттерімен байланысты екендігі айтылған. Бұл проблемалар көмек көрсетуге кедергі келтіріп, салдарынан 72 жоба уақытша тоқтатылса, екі бастама біржола тоқтатылған және бір нысан жабылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі