Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТалғарлық төртінші сынып оқушылары Малайзиядағы беделді халықаралық мектеп грантын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейінің 4-сынып білім алушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар Малайзиядағы халықаралық мектепте оқу грантының иегері атанды. Олар Куала-Лумпурдағы Cambridge білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін оқу орнына қабылданып, толық грант иемденді.
Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, іріктеу тесті барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсеткен. Грант иегерлері 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап оқу жылының екінші жартысын Малайзиядағы мектепте жалғастырады. Барлық оқу ақысы толығымен қамтылған.
Мектеп ұжымы бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдап, оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтады. Әкімдік мәлім еткендей, шетелде оқу мүмкіндігі жас таланттардың болашақтағы дамуына серпін беріп, жаңа халықаралық перспективаларға жол ашады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары