Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкіметтің сейсенбідегі брифингінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Талғардағы қайғылы жағдай кезінде TikTok әлеуметтік желісінде боттар белсенділігі артты деген мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, платформалардың өзі ботофермалармен күреседі.
Бұл компаниялардың өздері ботофермаларға тыйым салатынын көрсетеді. Егер жасанды интеллекті боттарды анықтаса, бұл аккаунттарды автоматты түрде бұғаттайды. Біз бұл туралы олармен үнемі талқылаймыз және олар мұны растайды. TSARKA ісін TikTok-тың аймақтық директорымен талқыладым. Олар боттар ұясы болып көрінген аккаунттар бір-бірімен байланысты емес екенін айтты. Олар боттар бірге әрекет етті деген мәліметті растамады. TikTok-тың нақты дәлелі менде бар, – деді Мәдиев.
Айта кетейік, 15 желтоқсанда TSARKA кибершабуылдарды зерттеу орталығы желіде Талғардағы қайғылы оқиғаға байланысты шектен тыс белсенділік байқалғанын хабарлады. Митинг туралы видео енді ашылған парақшада 850 000-ға жуық қаралды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар