Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Талғарда қайтыс болған 16 жасар баланың өліміне қатысты пікірін жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талғардағы оқиғаға қатысты бір-екі ауыз пікір білдірген дұрыс деп санаймын. Ең алдымен жас баланың өліміне әкелген оқиғаның барлық қатысушысы анықталуы керек. Ақпарат БАҚ өкілдеріне ашық берілсін. Жасыратын не бар? Тергеу жұмыстары жалғаса берер, ол түсінікті. Баланың туыстарының сөзіне қарағанда, қылмысқа қатысқан адам саны әлдеқайда көп,- деді Айдарбек Қожаназаров.
Сондай-ақ, ол кінәлілер түгел қатаң түрде жазалану керектігін жеткізді.
Бұл оқиғада бір емес, бірнеше қылмыс түрі анық көрініс тапқан. Сол түні адам өлтірген жігіттердің жанында қыздар да бірге жүрген. Егер осы рас болса, егер олар қамауда отырса, ол ақпарат та елге ашық айтылсын. Шерзаттың әкесі айтқандай, дүкенде жұмыс істеп тұрған камерадағы материал өшіп кеткен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдар да анықталуы керек. Мансабы мен атақ-беделіне қарамастан кез келген азамат заң алдында бірдей!,- деп жазды депутат.
Халық қалаулысы жазба соңында жас баланың отбасына, туған-туысына көңіл айтты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады