22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу нәтижесінде топтың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Олар әлеуметтік желі арқылы құрбандарын іздеген. Топ құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол жәбірленушілермен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген.
Алайда біраз уақыттан кейін қыздың "ағалары" келіп, жәбірленушіні жалған айыптаулар арқылы қорқыта бастаған. Олар жыныстық қатынасқа қатысты айып тағу арқылы ақша талап етіп, кей жағдайларда күш қолданған. Қаскөйлер жәбірленушілердің құжаттары мен бағалы заттарын тартып алып, қомақты қаражат аударуға мәжбүрлеген.
Қылмыстық топтың кезекті құрбаны – 24 жастағы Алматы тұрғыны. Бопсалаушылар оны күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сонымен қатар, 100 000 теңге аударуды талап етіп, одан әрі 1,4 млн теңге беруге мәжбүрлемек болған.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың үстінен бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы саны жеті адам ұсталып, төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, олардың өзге қылмыстарға қатысы тексерілуде, – деді облыстық полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың өзге де құрбандары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты зардап шеккендерден полицияға хабарласу сұралады. Тергеу амалдары жалғасуда.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев