Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысы Талғар ауданында бір топ шабандоз көлік қозғалысына кедергі жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Мониторинг жүргізу кезінде полицейлер шабандоздарды анықтады.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, тексеру барысында шабандоздар «Көкпар» ойынын ойнағаны анықталған. Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға 6 адам жеткізілген.
Жоғарыда аталған адамдарға қатысты көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды. Сондай-ақ «Көкпар» ат спортық іс-шарасының ұйымдастырушысы, Алматы облысының 55 жастағы тумасы анықталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды» деп жазды Бауыржан Әленов желі парақшасында.
Өңірдің бас полицейі тәртіп сақшылары 20-ға жуық адамды анықтағанын, олардың барлығы қолданыстағы заңнама шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары