7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Талдықорғанда бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде қарт әжейді құтқарып қалған әскери қызметкер, Десанттық шабуылдау әскерлерінің 18404 әскери бөлімінің сержанты Ерік Қасымбеков сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, биылғы жылдың қаңтар айында Талдықорғандағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, отқа оранған пәтер ішінде қалған қарт кісіні Ерік Қасымбеков аман-есен алып шыққан болатын. Қарулы күштердің әскери қызметшісі сол кезде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталған еді.
«Өзім әскери адам болғандықтан ел алдындағы жауапкершілік бірінші орында деп білемін. Сондықтан сайлауда дауыс беруден қалмай, өз таңдауымды жасадым», - дейді Е.Қасымбеков.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша елімізде тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 % бюллетень алса, соның ішінде Жетісу облысының көрсеткіші - 55,07%.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?