23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Талдықорғандағы мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтының санитариялық жай-күйіне тексеріс жүргізді.
«Басқарма мамандары осы жылдың 19-29 маусымы аралығында Сот сараптамасы нысанында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында мәйітхана үй-жайларын ұстаудың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының сақталмау фактілері расталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Тексеру нәтижесі бойынша 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, заңды тұлғаға «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот сараптамасы объектісінің басшылығына нақты орындау мерзімдері бар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік