Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТалдықорғанда марихуана сатушы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Талдықорған қаласында есірткі сату орнын анықтау бойынша арнайы операцияны полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті өкілдерімен бірлесіп жүргізді.
Құқық қорғау органдары 40 грамнан астам марихуана сатуға әрекет еткен 39 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен 27,5 кг каннабис тектес есірткі табылды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, - деді Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек