Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін Талдықорған қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және Мен: Ойна, біл, сақта!» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың заңдар мен құқықтық нормалар туралы білімдерін тереңдету және азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыру.
Ойын жол қозғалысы ережелері, адам құқықтары, Конституция және заңдар деген үш негізгі тақырыпты қамтыды.
Қатысушылар заңдарды қызықты әрі интерактивті форматта меңгерді. Ойын барысында пікірталастар, топтық тапсырмалар және өмірлік жағдайларды талдау сынды әдістер қолданылды. Қатысушылар 3 турдан өтіп, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін сынап көрді.
Ойынға оқушылар, студенттер, жастар мен белсенділер қатысты. Қатысушылар құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, өз құқықтары мен міндеттері жайлы жан-жақты ақпарат алды.
«Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!» ұранымен өткен бұл шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады