Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТалдықорған қаласындағы облыстық кардиологиялық орталықта бір науқасқа бірден төрт ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүрегі ауырып, ауа жетпей демігіп, жиі шаршап қалатынына шағымданған 71 жастағы науқас барлық қажетті медициналық зерттеу-диагностикалау шараларынан өтіп, кардиологтың кеңесіне жүгінген. Сол мезетте науқастың ауыр жағдайын көрген орталықтың кардиологтары мен кардиохирургтары тез арада шұғыл медициналық кеңес өткізіп, ота жасау үшін науқасты кардиохирургия бөліміне жатқызады. «Жалпы екі жарым сағатта ашық жүрекке жасалған ота барысында жүректегі митральды клапан толықтай алынып тасталып, орнына биоклапан орнатылды. Трикуспидальды клапанға пластика және радиожиілік абляция қоса жасалып, жүректің құлақшасы тігілді. Бұл болашақта ұйыған қанның тамыр арқылы миға өтуі яғни, инсультті болдырмау үшін жасалатын әдіс, - деді орталықтың директоры Нұрсан Сұрашев.
Сәтті жасалған отадан кейін қазір науқастың жағдайы тұрақты және алдағы уақытта орталықтан шығуы жоспарланған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар