Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыТалдықорғанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше форматтағы шара – «Табиғаттан эко-сыйлықтар» экологиялық акциясы өтті. Бұл бастама тек сенбілік не бір күндік шара емес, ол - табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған қоғамдық үндеу, экологиялық мәдениеттің нақты көрінісі.
Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушыларға ұсынылған ерекше эко-сыйлықтар. «Посади своё будущее!» деген мағыналы ұранмен берілген конверттердің ішінде өсімдік тұқымдары салынған. Бұл — жай ғана тұқым емес, әр адамның табиғатқа жасаған нақты қамқорлық әрекетінің бастауы. Қатысушылар сол тұқымдарды өз үйлерінің ауласында немесе қоғамдық жерлерде отырғызып, табиғатпен тікелей байланыс орнатты.
Акция барысында Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы шараның мән-мамұнына ерекше тоқталды.
Бүгін біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан ерекше форматтағы «Табиғаттан эко-сыйлықтар» атты маңызды шарада бас қосып отырмыз. Бұл шара - жай ғана экологиялық акция емес. Бұл - болашақ ұрпақ үшін, табиғатты аялау мен оны сақтауға деген ортақ жауапкершілігімізді сезінудің, сонымен қатар экологиялық мәдениетті күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырудың нақты қадамы, - деді ол.
Шараның мақсаты – қоғамда экологиялық сананы арттыру, жастарды белсенді экологиялық қозғалысқа тарту және әр адамға табиғаттың бізге аманат екенін ұғындыру.
«Табиғаттан эко-сыйлықтар» — бұл жасыл болашаққа жол ашатын бастама. Бұл шара арқылы Талдықорған жастары табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, қоғамға экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісін көрсетті.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді