7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талдықорғандағы «Жастар-3» жаңа тұрғын ауданында 30 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 102 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі тұрғын үймен қамту шаралары туралы айтты. Оның мәліметінше, жыл соңына дейін бұл ауданда 150 үй салынып, газдандыру жұмыстары басталады. 2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық адам баспанамен қамтамасыз етілмек.
Жаңа қоныс иелерінің қатарында толық емес отбасылар, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар бар.
Жаңа үйге ие болған Святослав Шабельский, Жанар Әбділманова және Дана Демидова секілді тұрғындар өз қуаныштарымен бөлісті.
Әр үйдің ауданы – 76 шаршы метр. Үйлер электр қазандығымен жылытылады, ал жыл соңына дейін газ жүйесіне қосу жоспарланған. Биыл облыста 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?