Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында футзалдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық деңгейдегі жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылғалы отыр. Турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады деп күтілуде. Алдын-ала мәлімет бойынша, Астана, Алматы, Қонаев, Шымкент, Түркістан, Талдықорған командалары өтініш берген.
Екі күнге созылатын журналистер арасындағы доп додасы 9-10 желтоқсанға жоспарланған. 9 желтоқсан марқұм Бейсен Құранбектің өмірге келген күні.
Турнирде төрт орынға жүлде беріледі. Сонымен қатар Бейсен Құранбекке өмірде аға болған, ұстаздық қылған белгілі спорт журналисі Сайын Тұрсынов пен телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тағайындалады. Жарысқа Жетісу облысының әкімдігі, Жетісу телеарнасы, Жетісу газеті, Respublica партиясы, Janr әдеби клубы қолдау көрсетіп отыр, - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, былтырғы жылы бұл жарыста «Экспресс-К» чемпионы атанған еді.
© El.kz
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?