23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Талдықорғанда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен өндірістік бақылаудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Жетісу облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нормативтік талаптарды қолдану және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде ерекше маңызды болатын алдын ала тіркеу зерттеулерін жүргізді. Жергілікті мамандар бұл алған білімдерін халықтың жағдайын қауіп-қатерден сақтауға қолданады.
Іс-шараға 116 сала өкілдері, оның ішінде инспекторлар, өндірушілер мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қатысты. Қазақстанның бес облысында 1500-ден астам маманды қамтыған семинар Орталықтың білім беру бағдарламасына енді. Семинар «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды оқыту бағдарламасының бір бөлігі болды.
Мұндай басқосуды өткізу қауіп-қатерді азайтуға және оларды өндіру мен сатудың барлық кезеңінде азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік