23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді17 қарашада Талдықорған қаласының Өтенай шағын ауданындағы Ыбыраймолдаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сол күні демалыста жүрген Жетісу гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ерлік Қанашев көрші үйде қонақта болатын.
Жанұшыра айқайлаған дауыстарды естіген ол сыртқа шығып, еш ойланбастан жанып жатқан үйге жүгіріп барып, өздігінен қозғала алмайтын қарт әйелді қауіпсіз жерге алып шығарады. Содан кейін тыныс алу жолдарын күртемен жауып, ас үйге оралды. Ол жерден 25 литрлік газ баллонын сыртқа алып шығарып, қауіпсіз жерге қояды. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келді.
Әскери қызметшінің шешуші әрекетінің арқасында қарт кісі құтқарылып, жарылыстың алды алынды.
Ерлік Қанашевтің бұл ерлігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қала тұрғындары, туыстары мен көршілері әскери қызметшіге батылдығы үшін алғыс білдіру үстінде.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады