13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖетісу полициясы 53 жастағы әйелді зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу полицейлері Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген, бұрын сотталған ер адамды ұстады. Жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға келіп түскен. Белгілі болғандай, жергілікті қонақ үйде жұмыс істейтін 53 жастағы әйелді қонақ үй бөлмесінің бірінде тұрған белгісіз адам зорлап кеткен.
Оқиға орнынан қашып кеткен еркек - 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын қонақ үйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
– Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды, – деп хабарлады қалалық полиция.
Тергеу ҚР ҚК 120-бабы (Зорлау) және 121-бабы бойынша жүріп жатыр.
Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды