7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жетісу облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің және ҚР ҚАЖК-нің үйлестіруімен мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталған шетелдік Қылмыстық кодекске сәйкес иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам екені анықталды. Соттан жалтарған азамат 2023 жылдың 29 желтоқсанында Ташкент облысының бас ішкі істер басқармасы іздеуге жариялаған. Ол іздеу жарияланғанын білген соң Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген, Шымкент қаласында жасырынып, наубайшы болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдаған.
Алайда көп ұзамай, осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?