23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылында су деңгейі көтеріліп, ауылға кірме жолды су басып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты, тұрғындардың Атырау қаласымен қатынасын үзбеу үшін, ТЖД мамандары қайық арқылы тасымалдау қызметін ұйымдастырып отыр. Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашев хабарлағандай, қазіргі уақытта Талдыкөл ауылына су басу қаупі төніп тұрған жоқ.
Қосымша бекіту жұмыстары үзіліссіз жүруде. Қайық тасымалы тұрғындардың қаламен байланысын үзбеу үшін ұйымдастырылып отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбаз, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөл ауылынан алдын ала 207 тұрғын Атырау қаласындағы эвакопунктке эвакуацияланған болатын. 422 адам өз қалауымен туыстарының үйіне орналасты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік