23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерТалдықорғанның Достық үйінде «Aibyn» әскери-патриоттық клубын құру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Салтанатты шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Ауған соғысының ардагерлері, Талдықорған қалалық ІІБ ардагерлері, әскери бөлімдердің қызметкерлері, «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі, қала мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары, этномәдени орталықтардың төрағалары, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қалалық десантшы-ардагерлер одағының төрағасы Еркін Ерғожанов бір ауыздан «Aibyn» әскери-патриоттық клубының төрағасы болып сайланды және Алматы облыстық ҚХА, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, өңірлік ауған соғысы ардагерлері одағы және «Жас сарбаз» республикалық ҚБ Алматы облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол койылды.
Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуіне 40 жыл және ол жерден шығарылғанына 30 жыл толады.
Шара соңы Ауған соғысы ардагерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?