12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы облысынында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай флешмоб өткізілді. Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында түрлі диаспора өкілдері мен жастар «Қара жорға» биін билеп, мерекені көңілді өткізді.
Мерекені этномәдени бірлестіктер жалғастырып, халықтық өнер түрлерінен көрме ұйымдастырды. Би ұжымдары «Достық сюитасын» орындады.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жиналғандарды құттықтады:
— 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрқайсымыз үшін де қастерлі. Бейбітшілік, тұрақтылық, ұлтаралық татулық – біздің мемлекеттігіміздің іргетасы, біздің байлығымыз. Бұл ел Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының басты бағыты. Осы таңдаған жолымыздың нәтижесінде Қазақстан бүгінде өсіп, өркендеп, әлемдік қауымдастықта зор беделге ие болып отыр. Бірлігімізді сақтауға, этникааралық келісімді нығайтуға әрқайсымыз да үлес қосуымыз керек.
Осы айтулы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, тәуелсіз Қазақстанымыз гүлденіп, достығымыз нығая берсін. Бір шаңырақ астында ортақ Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мұнан соң қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама мен «Өнерім - өмірім» халықаралық фестивалінің гала-концерті ұсынылды. Сонымен қатар талдықорғандықтар үшін сахнада осы күні Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Әли Оқапов пен Марат Ілиясов өнер көрсетті.
Алмас Сауданбай
Дереккөз baq.kz
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер