1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТалдықорған қаласындағы Баспасөз үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов клубтың өткен жылғы жұмысын қорытындылап, отырысқа қатысушылармен бірге 2019 жылға арналған маңызды тақырыптар мен жоспарлар тізімін талқылады.
Сондай-ақ, отырыста сөз сөйлеген ҚХА хатшылығының бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы ҚХА ұйымдастыруымен 2019 жылы өтетін "Қайырымдылық керуені"акциясының маңыздылығына тоқталды.
"Жаңғыру жолы" өңірлік штабының төрағасы Руфина Усанова өз кезегінде Елбасы жариялаған Жастар жылына қатысты біраз мәселелерді қозғады.
Отырыс соңында жетекші журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері түрлі сала мамандары үшін шеберлік сабақтарын өткізу туралы шешім қабылдады. Алматы облысының кәсіби журналистері Баспасөз үйінде барлық тілек білдірушілерге шеберлік сыныптарын өткізуге әзір екендіктерін жеткізді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?